Ирина Кайратовна тобының «Всем салам!» трегіне Tik Tok-қа арнап видео түсір немесе монтажда
А нүктесінен Б нүктесіне дейінгі жолыңды көрсет. «бұл жерде сенің кім болғаның маңызды емес, кім екенің маңызды»
Видео тақырыптары әртүрлі болуы мүмкін:
- Сыртқы трансформация (сыртқы өзгерістер)
- Спорттағы, өмірдегі, ойлаудағы жетістіктер
- Кәсіптік саладағы немесе сүйікті кәсіптегі жетістіктер
- Көңіл-күйіңдегі кез келген оң өзгерістер (шаршап отыр едің, сүйікті сусыныңды іштің де толықтай шабыттандың)
Бастысы – шынайылық және жасампаздық!
Мәтінді, бейнені, атмосфераны, визуалды контрастты пайдалан.
Кадрда DIZZY Energy логотипінің болуы жеңімпаздарды таңдауда басымдық береді.